«Туған жерім – нұрлы елім!» атты Әйтеке би ауданы күндерінің бағдарламасы
17 тамыз 2018 жыл
9.00 – С.Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханада «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дарынды қолбасшы, сұңғыла саясаткер Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл толуына орай ақпараттық-танымдық конференция.
10.00 – Ақтөбе қаласындағы Әйтеке би ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі.
11.30 – Әбілқайыр хан ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі.
18.00 – Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі.
19.00 – Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында аудандық «Замандас» театрының қатысуымен Қ.Шаңғытбаевтың «Ой, жігіттер-ай» пьесасының қойылымы.
18 тамыз 2018 жыл
8.00 – «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі.
11.30 – облыстық «Үміт» балалар үйінде «Шын жүректен» қайырымдылық акциясы.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағында:
19.00 – «Бақытты бала» жобасы аясында балаларға арналған «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шара;
– мәдени-спорттық шаралар (қол өнер көрмесі, түйе палуан, тайөгіз көтеру).
21.00 – «Адалдық пен әділдіктің мекені – Әйтеке би» атты Әйтеке би ауданынан шыққан танымал өнерпаздардың қатысуымен өтетін гала-концерт.